Ауылдың мәселесімен шағымданып келген тұрғынға дөрекі жауап берген әкім жазаланды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық депаратмен шағымды жіті тексеріп, әкімнің мәселесін әдеп кеңесінде қарау керек деп шешкен.

Оқиға мамырдың 22 сінде болған. Ауылдың жол жағайын айтып келген Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округінің тұрғынан әкім дөрекі жауап берген. Бұл жағдай бойынша бұған дейін де түсініктеме алыныпты.

Сабина Қанапиянова, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті бақылау басқармасының бас маманы

Өз түсініктемесінде округ әкімі Балбековпен әңгіме орын алғанын. Сыздықов ауылда жөнделіп жатқан жолдар бойынша түсініктеме беруге тырысқанын. Алайда, Балбеков оны тыңдамай сөзін бөліп дөрекі түрде сөзін бөлгенін хабарлады. Сонымен бірге Сыздықов бірқатар сөздердің айтылғанын растай отырып, бұд жмоционалды түрде болғанын хабарлады. Сыздықов Арман Анарбекұлы округ әкімі ретінде 2023 жылғы тамыз айынын бастап қызмет атқарады. Қолданыстағы тәртіптік жазасы жоқ.

Кеңс мүшелері жас әкімнің әрекетін , жасы үлкен адамға дауыс көтергендігін сынға алды.

Жағдайды талқылай келе кеңес мүшелері әкімге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаны тағайындау туралы шешім шығарды.

Жанасыл Серікбол