Аян Сәтбаев, 55/12 әскери бөлімінің сардары:

Аға сержант Тұрсынбаев КАМАЗ автөкөлігінің артқы дөңгелегін үрлеу барысында дөңгелек жарылып басынан ауыр жарақат алды. Сол жарақат салдарынан мерт болды. Қазіргі таңда органдармен тексеру іс-шаралары өткізілуде.

Бұл жазатайым жағдай. Бірақ демалыстағы аға сержанттың кешкілік уақытта жұмысқа шақырылуы қаншалықты қажетті және заңды? Бұл сұрақтың жауабын Әскери прокуратура анықтайды. Марқұмның артында әйелі мен қызы қалды.