Мамандардың мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық әр сегізінші отбасында кездеседі. Әрбір жетінші әйел – экономикалық, әр алтыншы әйел – физикалық, ал әр үшінші әйел – психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Былтыр заң қабылданғанымен зәбір көрсететін азаматтар саны азаймай тұр. Тек біздің өңірде 8 айда 3252 тұрғыннан полицияға арыз түскен.

Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасында қысым көрсету, қорқыту, кемсіту секілді әрекеттер қалыпты жағдай ретінде қабылданып барады. Қол көтеріп, қиянат жасайтындар айыппұл арқалағанымен, бұл әрекетін қайта жасайды екен. Сондай-ақ бұл бұзақылық екінші тарап масаң күйде болған кезде орын алады деп айтады сақшылар. Тек біздің өңірде 6643 адам алкоголь ішкені үшін жауапкершілікке тартылса, 261 адам наркологиялық диспансерге мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді.

Гүлнәр Бексұлтанова, Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы

Есептік кезеңде облыстың учаскелік инспекторларымен барлығы 3252 қорғау ұйғарымы шығарылды. Соттар ішкі істер бөлімінің өтініш хаттары бойынша құқық бұзушының мінез құлқына 755 ерекше талаптар белгіледі. Оның ішінде 750 құқық бұзушының алкогольдік ішімдік ішуіне тыйым салынды. Талаптарды бұзғаны үшін 672 адам тартылды.

Сондай-ақ, мамандар агрессорлармен жүйелі жұмыс жүргізеді. 20 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді. Олардың 6-уы арнайы емдеу және түзету курсынан өтті. Полицейлер осы сынды жәрдемнің нәтежесінде қылмыстар саны 1,3 пайызға азайғанын айтады.

Гүлнәр Бексұлтанова, Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты. Бізде қылмыстар саны төмендеуде. Және бізде әйелдер көбірек қоңырау шалады. Оның арасында ер адамдар да бар. Оларға орталықтарда психологиялық көмек көрсетеміз. Сонымен қатар бізің Павлодар қаласында ген Дюсенов көшесінде .. солармен бірге байланыстамыз. Сондай-ақ елімізде 16 қыркүйекте Қылмыстық кодекске «Сталкинг» туралы жаңа заң күшіне енеді. Заң бойынша алғаш рет мұндай әрекетке 200 АЕК-ке дейін айыппұл, немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Әйгерім Тоқпанқызы