Президент жолдауда жасанды интеллект саласындағы құзыретті мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Мектептерде жасанды интеллект технологиялары оқу үдерісіне бірнеше жылдан бері енгізіліп келеді.

Жасанды интеллект бүгінде білім беру ортасының бір бөлігіне айналды. Мысалы, №3 дарынды балаларға арналған гимназияда бұл технология үш жыл бұрын енгізіле бастаған. Қазір ол оқушыларға да, мұғалімдерге де көмек көрсетуде.

Инна Назарова, Павлодар қаласы №3 дарынды балаларға арналған гимназияның бейінді оқыту жөніндегі директор орынбасары

Президент Жолдауында жасанды интеллектіні оқу-тәрбие үдерісіне енгізу міндеті қойылған. Бұл туралы білім беру саласындағы нормативтік құжаттарда да айтылған. Сондықтан біз қазіргі уақытта ЖИ-ді оқу-тәрбие үдерісіне белсенді түрде енгізіп келеміз. Ол әртүрлі бағыттарда қолданылуда. Гимназия бұл бағытта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді: мұғалімдер ИИ-ді сабаққа дайындық барысында қолданады, ал оқушылар оны тапсырмаларды орындау, жедел тексеру және кері байланыс алу үшін пайдаланады.

Жасанды интелект білім беру жүйесінде айрықша орын алады. Мұғалімдер де жасанды интеллектті белсенді меңгеріп жатыр. Ол сабаққа дайындықты жеңілдетіп,

Ксм: Оқушылар үшін жасанды интеллект — көмекші. Ол үй тапсырмасын орындауға, ақпарат іздеуге және цифрлық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Алайда балалар ЖИ-дің сиқырлы таяқша емес, тек көмекші құрал екенін түсінуі маңызды.

Дильназ Қуанышбекқызы