«Заң мен тәртіп үстем құрған заманда бәрі өз орнын біліп, бәрі ойдағыдай жүзеге асады. Яғни баланс бұзылмайды. Әсіресе жастар арасында қарапайым ғана осы екі сөздің мағынасын түсіндіре бәлу маңызды. Осы ретте қаламызда кезекті шара өтті. Тілші сюжетінде.

«Ертіс променад» алаңында жаз бойы қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды. Кезекті шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Онда спорт үйірмелерінің өкілдері ортаға шығып, алдымен демонстрациялық қойылымдар көрсетті.

Осылайша ортаға таэеквондошылар, каратешілер және муай тай мықтылары шықты.

Артем Граблев, Павлодар облыстық таэквондо федерациясының басшысы

Бүгін біз өз жағымыздан муай тай, таэеквондо, каратэ спорт түрлерінен сахнаға шығып жаттығуларды ұсындық. Өзім есірткімен күрес жұмыстарына жиі қатысамын. Қазіргі таңда жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтанып, жақсы дүниелерге әуес болғаны маңызды.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жастар арасында заңбұзушылық тар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, өскелең ұрпақтың жат ағым, теріс жол, есірткіден аулақ болуын насихаттау.

Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы

Бүгін Павлодар қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында шара өтіп жатыр. Негізгі мақсат жастардың ерте жаста бұзушылықтарға араласуының алдын алу. Қандай да бір жағдайларға тап болған азаматтарға құқықтық ақпарат беру. Тәртіпке бағынған адам құл болмайды, деген сөзді тағы бір мәрте еске салғымыз келеді. Себебі, қандай да бір заңбұзушылық болса да оның жауапкершілігі барын ұмытпау керек.

Сондай ақ шара кезінде, жастар флешмобқа қатысты, яғни нұсқаушылардың берген тапсырмаларын орындады. Бұл жерде салауатты өмір салтын сақтануға шақыру, тыйым салынған алкоголь, есірткі заттарынсыз да әдемі өмір барын көрсету.

Самал Қалиқызы