Ақсу қаласындағы Белая өзенінде суға кеткен екі балықшының денесін құтқарушылар судан алып шықты. Жедел әрекет еткен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын таңға дейін жүргізді. Толығырақ келесі сюжетте.
17 қыркүйек күні түнгі сағат 00:30 шамасында «112» қызметіне Ақсу қаласындағы Белая өзенінде балықшылар отырған «Нива» автокөлігінің суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Көлікте екі адам болған. Оқиға орнына Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді. Құтқару жұмыстары таңға дейін болды. Сағат 07:45-те 1960 және 1977 жылы туған екі ер адамның денелері судан шығарылды. Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында, әсіресе түнгі уақытта, аса мұқият болуға шақырады. Абайсыздық — қайғылы оқиғаларға себеп болуы мүмкін.
Дильназ Қуанышбекқызы