Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде белгілі журналист Мұхамеджан Дәуренбековты еске алу шарасы өтті. Оған қарымды қаламгердің туыстары, көзкөрген әріптестері қатысты.
Мұхамеджан Дәуренбек 1935 жылы қыркүйек айында Қостанай облысы, Әулиекөл ауданының Сұлукөл кеңшарындағы Қарағансай ауылында малшы отбасында дүниеге келген. Павлодар облысы журналистикасына еңбегі сіңген елеулі есімдердің бірі. Өткен ғасырдың екінші жартысында «Қызыл ту» газетінің қайта жаңғырып, түлеуіне жұмыс істеді.
Ол салған жолмен талай қаламгерлер жүріп өтті. Өзі қызмет атқарған редакциядан өзінен кейін бір буын алмасып үлгерді.
Нұрбол Жайықбаев, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы
Екі мыңыншы жылдардың басында редакцияға келіп жүрген кезін білем. Ол кезде зейнетте болатын. Сол кезде Төлеубек Қоңыр, Қажымұрат Смағұл ағаларымыз редакцияға келіп, жастармен сйөлесіп қалжыңдасып жүретін. Бүкіл еңбек жолы біздің газетте сайрап жатыр. Сағайған парақтарды ақтарсаңыз көп дүниелер бар деп айта аламын.
Еске алу шарасына қызы, туған-туыстары да қатысты. Олар да журналисттің өмірдегі кісілік келбеті жайлы естеліктермен бөлісті.
Мұхамеджан Дәуренбек журналисттігінен бөлек, проза, жанрына да қалам тербеген. Өңірде айтыс өнерінің дамуына да ат салысқан. Өмірде де өнерге жақын, әнге құмар, жаны жайсаң жан болғандығын баршасы еске алды.
Жанасыл Серікбол