Қарты бар елдің қазынасы бар. Ардагерлерді ардақтау баршасына міндет. Бүгін Усолка шағын ауданында орналасқан ардагерлер ұйымына демеушілік көмек көрсетілді.
Алдыңғы буын ағаны қадірлеу арқылы қоғам қаншалықты тәрбиелі, мәдениетті екендігін көрсете алады. Жастық жігері мен білім-білігін осы елге арнаған ақсақалдардың еңбегі бүгінгі ұрпақ тарапынан әркез құрметке лайық. Олардың салған үлгілі жолы ұрпаққа шамшырақтай жол көрсетеді.
Шара аясында ардагерлер ұйымына қажетті заттар табысталды. Олардың ішінде музыкалық аспап баян да бар. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің алаңсыз жұмыс істеуіне қажетті музыкалық техникалық жабдықтар бар.
Жанасыл Серікбол