Бүгін Павлодар қаласындағы Толстой көшесінде орналасқан автобөлшектер дүкенінде өрт шықты. Тілсіз жау тұрғын үйге жапсарлас орналасқан ғимаратта тіркелген.
Тілсіз жау Толстой көшесінде орналасқан автобөлшектер дүкенін шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі арнайы сараптамадан кейін анықталады.
Дильназ Қуанышбекқызы