Павлодар қаласында жұртшылық жазушы, публициист Ахат Жақсыбаевты еске алды. Шара аясында жазушының жаңа кітаптарының тұсауы кесілді. Еске алу кешіне Астана, Алматы қалаларынан зиялы қауым өкілдері келді.

Ахат Жақсыбаев 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Алпысыншы жылдары әдеббиетке келіп, мол олжа салған қаламгерлердің бірі. 85 эылдық тойы туған қаласында өтті. Алдымен мәдениет басқармасының басшысы Медет Тауасқан обыс әкімі Асайын Байхановтың, мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайдың құттықтау хатын көпшілікке таныстырды. Қаламгердің жарына сый-тарту жасады.

Артынша жазушының көзін көрген жандар естеліктермен бөлісті.

Нұржан Әшімбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Ахат ағаны мен бала кезімнен танимын. Біздің әкелер бәрі осында Казкрайда өскен. Мектепте бірге оқыған. Ағасы Серік Жақсыбаев академик Екібастұзда үлкен еңбек сіңірді, әкеммен бір класста оқыды.

Шара аясында Ахат Жақсыбаевтың жаңа кітаптарының тұсауы кесілді. Алыстан ат терлетіп келген қадірлі қонақтар рәсімді өткізді. Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртпай шығармашылық ееркшгелігі туралы ой айтты.

Шараның қадірлі қонағы ақынның жары Қиғашқас Әубәкірова ол отбасылық өмірде қамқор әке, асыл жар бола білді деді.

Қиғашқас Әубәкірова, Ахат Жақсыбаевтың жары

Елу бас жыл отастық. Өмір бойы мені еркелетім өтті. Өзі айтатын соңғы жылдары мен өміріме ризамын сенімен кездескеніме деп. Мен: жоқ мен ризамын дейін. Бір-бірімізге ризашылығымызды айтатынбыз.

Шараға қатысқан зиялы қауім өкілдері, қаламдас серіктер оның жазушшылық қырын, адами келбетін сөз етті.

Жанасыл Серікбол