Павлодарда полицейлер ірі көлемде есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті ұстады. Тергеу кезінде оның интернет арқылы жұмыс істейтін жасырын дүкендердің «Қоймашысы» екені белгілі болды.
Күдікті қала аумағында қолға түсті. Тінту кезінде одан 200 грамнан астам мефедрон салынған түйіншектер табылып, тәркіленді. Бұл – аса ірі көлемдегі есірткі заты. Қазір жедел уәкілдер оның өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Аса ірі көлемде есірткі сақтау және тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Сабина Жолдаспаева