Павлодар қаласында қоғамдық көлік тағы 12 бірлікпен толықты. Осылайша енді қозғалыс интервалы 9 минуттық бағытта жолаушылар 7 минут қана күтеді. Сондай-ақ, шаһардағы жаңартылған автодромда енді қолданысқа беріледі. Бұл туралы толығырақ тілші айтсын.
Қаламызда қатынайтын 003 бағытындағы автобустарға қатысты тұрғындардың шағымы соңғы кезде көбейіп кеткен. Оны облыс әкімінің өзі де біліп отыр. Осы ретте бұл бағытта жүретін көліктер қатары YUTONG автобустарымен толықтырылды.
Қазір қалада автобус паркіндегі көліктер 100 пайызға жаңарған, ал автокомбинат мекемесіндегі автобустардың 15 пайызы ескірген. «Таксомотор» мекемесінде де қоғамдық көліктер құрамы толық жаңаға ауыстырылды. Қоғамдық көліктерді субсидиялаудың жалпы сомасы 15 млрд теңгені құрайды.
Келесі кезекте облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласында жаңартылған автодромға барды. Естеріңізге салайық, қала сыртындағы бұл а автодромды қалыпқа келтіріп, жаңарту мақсатында бюджеттен 680 млн теңге қаражат жұмсалды.
Автодромда жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жасақталған түрлі жаттығу аймақтары, қиылыстар, жол белгілері мен бағдаршамдар қарастырылған. Бұл болашақ жүргізушілерге қала ішіндегі күрделі жағдайларды алдын ала меңгеруге мүмкіндік береді. Бірақ бұрынғыдай бұл аумаққа көлік жүргізуді үйреніп жүрген кез келген азамат кіре алмайды. Өзінің талаптары бар.
Автодромда бір уақытта 4-5 нұсқаушы оқушысымен келіп жүре алады. нұсқаушылардың байланыс нөмірлерін осында келіп басқарушыдан алуға болады. Жалпы жаңа автодромды жылдар бойы сұраған азаматтар алғысын жаудырды.
Өз кезегінде облыс әкімінің өзі де жаңартылған автодромды бір айналып жүріп көрді.
Сонымен қатар, бұл күні аймақ басшысы нөсерлік кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын тексерді.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының тұрғыны
Өзіңіз білесіз 30 жылға жуық уақыт бойы мына Қамзин көшесі бойында жер асты сулары проблемасы бар. Яғни соның кесірінен асфальтті дұрыс төсей алмайтынбыз. Асфальт деформацияланатын. Ағымдағы жылы 3 учаскіде дренаждық жүйені орнаттық. Арнайы дренаждық құбыр қойдық, диаметрі 530 мм.
Жаңа жоба көп жылдан бері шешілмей келе жатқан су басу мәселесін шешуге және қаладағы ең жүктемелі учаскелердің біріндегі жол жамылғысының сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Яғни Қамзин, Чайковский – Осипенко және Шөкин – Павлов. Соның ішінде екеуінде жұмыстар толық аяқталды, ал Қамзин көшесінде 1,5 шақырымнан шамамен 150 метр құбырды салу ғана қалды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Екі жүз шақырым ұзындығы бар су бұру жұмыс жүріп жатыр. Бұл нені береді. Сонда түсіріп жатырмыз.
Қазіргі таңда Қамзин көшесінің 5,1 шақырымына дренаж жүйесі толықтай орнатылған. Қалған учаскедегі жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігерлер жол жамылғысын қалпына келтіруге, жиектастарды ауыстыруға және тротуарлар салуға кіріседі.Құрылыс жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Самал Қалиқызы