Павлодар облысына Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының демеушілігімен өткен экспедиция мүшелері келді. Экспедиция жазушы, ғалым Зейнолла Сәніктің дүниеге келгеніне 90 жыл толуына орайластырылды. Сапар аясында Қазақстан жазушылар одағы және мәдениет қорының өкілдері павлодарлық қаламгерлермен жүздесті.

Қаламгерлермен жүздесу барысында әуелі экспидицияның мән-жайы айтылды. Зейнолла Сәнік ғұмыр бойы қазақ халқының салт-дәстүрін зерттеп, болашақ ұрпаққа мұра еткен жазушы. Бұл іс, Зейнолла Сәнік бастаған миссия бүгінгі уақытта да жалғасуы тиіс. Өйткені, ұлтымыздың ұмыт қалған дәстүрі әлі де көп.

Қасымхан Бегманов, Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары

Негізгі мақсат қазақтың ұмытыла бастаған дәстүрлерді халықтың есіне салу. Жаңғрыту. Салт-дәстүр дегеніміздің өзінің тағдыры бар. Кейбірі жойылып кетеді, кейбірі заманға лайықталып, халық өзі сұрыптап қайтарып жатады.

Экседиция бүкіл Қазақстан бойынша өтуде. Бірнеше бағытқа бөлінген топ облыстарды аралап әр қилы жерлерде болды. Өлкетанушылармен кездесіп, деректер жинап, киелі орындарда болды.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Қош келдіңіздлер біздің елімізге, жерімізге. Әрбір кездесудің әсері болады. Кездесуге жастардың келуі өте жақсы болған деп ойлаймын. Сіздерге есігіміз де ашық, көңіліміз де ашық.

Қаламгерлер бас қосуында экспедиция жұмысы мен мақсат-міндетінен бөлек жазушылар одағының атқарып жатқан жұмысы, жас қаламгерлерді қолдау, кітап шығару істері бойынша ойлар айтылды.

Жанасыл Серікбол