Қазақстан – көпұлтты мемлекет ретінде түрлі этностардың бейбіт өмір сүруіне барлық жағдай жасап келеді. Әрбір ұлт өз ана тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін еркін дамытуда. Осы ретте әр қалада Достық үйлері жұмыс жасап тұр. Бұл бірлік пен берекенің бір де кепілі. Сондай Достық үйлерінің бірі Екібастұзда орналасқан.
Екібастұз қаласындағы Достық үйінде Тілдер күніне «Тілдер достығы – халықтар достығы» тақырыбымен ұйымдастырылған фестиваль осылай басталды. Онда этномәдени бірлестіктердің шығармашылық кеші ұйымдастырылды.
Мәруаш Сағындықова, Екібастұз қаласының тұрғыны
Бүгін Достық үйінде үлкен мерекелік фестиваль өтір жатыр. Тақырып бойынша тіл мәселесі бойынша. Тіл көрегенділік. Біз осы фестивальді өткізіп, ақыл қосып тырысып отырмыз.
Қала қонақтары мен тұрғындарына Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары түрлі ұлттардың билері мен әндерін, әртүрлі тілдерде оқылған өлеңдерін ұсынды.
Құламерген Бейсембенов, Екібастұз қаласының тұрғыны
Біздің Достық үйінде әркез түрлі шаралар өтеді. Бүгінгі шара тілдер күніне орайластырылып отыр. Қаламыздың 12 этномәдени бірлестігі жиналып, өзінің өнерін ортаға салатын болады. Яғни ең басты талап өзінің туған тілінде өнер көрсету қажет. Бұл біздің елде тұратын барлық этностың өз тілін ұмытпай сөйлейтінін дәлелі.
Шараның негізгі мақсаты – бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп отырған этностардың бірлігін нығайту, тілі мен мәдениетін ұмытпауға шақыру. Фестиваль барысында қатысушылар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.
Самал Қалиқызы