«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы басталды. Қала тұрғындары көшелерді, аулаларды, ұйымдар мен мекемелердің аумақтарын тазалауға шықты.Толығырақ сюжеттен көрейік.
Айлық шеңберінде Екібастұз қаласы мен оған қарасты елді мекендерді тазарту жұмыстарына 150-ден астам техника, 15 000-нан аса тұрғын жұмылдырылады деп жоспарлануда.
Айжан Мұхамеджан, №1 сәбилер балабақшасының қазақ тілі мұғалімі
Біз «таза Қазақстан» акциясы негізінде біздің қаламыз таза және де әсем болуына өз үлесімізді қосып жатырмыз.Және барлық қала тұрғындарын шақырамыз.
Сондай-ақ күзгі кезеңде қаладағы ірі және орта кәсіпорындар 14 000-нан астам жасыл көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Осылайша экологиялық ахуалды жақсартуға үлесін қоспақ.
Айнұр Мукенова, Екібастұз қаласы №26 гимназия мектебінің басшысы
Құрметті қала тұрғындары әріптестер таза қазақстан акциясы аясында 26 мектепте өз үлесін қосуда.
Мердігер ұйымдар жиналған қоқысты уақтылы шығарады. Ал коммуналдық кәсіпорындар тегін қабылдау қамтамасыз етеді.
Дильназ Қуанышбекқызы