Облыс орталығының тұрғындары Халықаралық тазалық күніне орай экологиялық акция ұйымдастырды. Олар шаһарымыздың көрікті орындарының бірі — Усолка шағын ауданында қоқыс жинады. Біздің арна тілшілері де қалыс қалмай, сенбілікке қатысты.

Акцияға қоғамдық бірлестік мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен еріктілер белсенді қатысты. Олар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, экологиялық бастамаға өз үлестерін қосты.

Экологиялық мәдениетті дәріптеуді мақсат еткен бұл бастама — табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастырудың тиімді жолы. Игі шара елімізде жарияланған "Таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, тазалық жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта экологиялық акция Павлодардың басқа да табиғи аумақтарында жалғасын табады.

Байтұрсын Жұмабай