Павлодар өңірінде қоршаған ортаның ахуалына қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдары облыс әкімдігінде өткен кеңесте талқыланды. Бұдан бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, комитет мүшелері аймақта бірқатар ірі кәсіпорындарды аралады. Экологиялық жағдаймен танысты.
Елдегі жағдайды өз көзімен көріп, тиісті шешімдерді қабылдау үшін комитет мүшелері өңірге келіп кеңес өткізді. Елімізде ауаға бөлінетін зиянды қалдықтардың 30 пайызы біздің облысқа тиесілі екен. Айта кетейік, соңғы үш жылда өңір кәсіпорындары экология ахуалын жақсарту үшін 82 млрд теңге инвестиция құйған. 11 кәсіпорын арнайы экологиялық бақылау жүйесімен жабдықталған. Ал 2026 жылға дейін тағы төрт кәсіпорын осындай жүйе орнатуды жоспарлап отыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жыл сайын өңірде шамамен 700 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады. Дегенмен соңғы 3 жылда ластаудың көлемі 4,5 пайызға немесе 3,7 мың тоннаға азайды. Бұл жетістік экологиялық технологиялармен мониторинг енгізу арқасында қол жеткізілді. Атап айтқанда жылу электро станцияларында, металлургия гибридтті сүзгілер орнатылып, Павлодар мұнай химия зауытында азайтылды.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин аймақтағы ахуалды екіжақты бағалады. Бір жағынан, ірі кәсіпорындар технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізсе, екінші жағынан, Былқылдақ көліне өндірістік қалдықтар мен сынаптың түсуі, ГРЭС-тің атмосфераны ластауы секілді түйткілдер әлі де шешімін таппағанын айтады.
Еділ Жаңбыршин, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Бұл жаңа Былқылдақ көлі, ол жерге лас өндірістік заттар мен сынаптың лас түсуі бар. ГРЭС үлкен қоршаған ортаға, атмосфераға үлкен зиян келіп отыр. Одан кейін қаладан шығатын лас суларды тазалау. Қосты жөндеу керек. Жаңа технологиялар бар. Оны ендіру біздің алдағы уақытта шаруаларымыз. Көп шаруаларды мамандармен сөйлестік. Комитеттің негізгі келгендегі мақсаты осы жердегі ғалымдармен мамандармен. Белсенділермен пікір алмасып, қандай заңға өзгеріс енгізу керек. Қандай шешімдерді қабылдау керек екенін үкіметке ұсыныстар береміз және де өзімізде қаралып жатқан хаңдарға өзгерістер ензімезі.
Алайда энергетика саласындағы экологиялық жаңғырту жұмыстары әлі де баяу жүріп жатыр. Кәсіпорын иелері бұны қаржы тапшылығымен байлыныстырып отыр.
Еділ Жаңбыршин, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бірақ энергетика саласында бұл әлі кенже қалып тұр. Себебі олар өзіміздің тарифымызды көтеріміз керек деп қаржы салуымыз керек дейтін уәж айтып отыр. Жалпы бұл тек Екібастұз, Павлодар қалаларына қатысты емес. Жалпы республика бойынша осындай проблема бар. Кейбір нысандар қолнаған. Кейбір нысандар қалып жатыр. Жалпы энергетика саласында осы проблема бар. ГРЭС 1,2 түтінінде тозаңкүл кетіп жатыр. Жалпы өңірдің сыртқа шығатын шығындылардың жартысынан көбі осы екі ГРЭС беріп отыр. Республика бойынша өңір 30 пайыз беріп отыр. кейбір мәселелер шешілмеген, кейбір мәселелерде қозғалыс бар.
Сонымен қатар, бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша, келер жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін экологиялық айыппұлдар жергілікті бюджетке түседі. Бұл қаражат мақсатты түрде табиғатты қорғау шараларына жұмсалады. Ал бүгін кеңесте айтылған ұсыныстар Үкіметке жолданады.
Әйгерім Тоқпанқызы