Биыл Павлодар облысында жылыту маусымы уақытында басталды. Өңіріміздің №2 және №3 жылу электр станциялары күзгі-қысқы кезеңге толық дайын. Айта кетейік, өңірімізде жылыту маусымы 10 қыркүйек күні, яғни әлеуметтік насындарға беріле бастады. Ал, 22 қыркүйектен бастап көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторға жылуға қосылды.

Энергетика министрлігінің «Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамына арнайы дайындық паспортын табыстады. Бұл құжат станциялардың алдағы қысқа толық әзір екенін растайды. Жылыту маусымы басталар алдында арнайы комиссия да тексеріс жүргізген.

Әнуарбек Аманов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Жылыту маусымына дайындық кезеңінде қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін тұрақты жұмыс істеу үшін қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындары инженерлік жерлерді, жылыту жабдықтарын күрделі жөндеу бойынша көзделген іс шараларды орындады. Тұрғын үйлерді жылумен, сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. 2025-2026 жылдағы жылыту маусымына дайындық үшін жылу электр станциялар бойынша қыс мезгіліне дайындық бойынша ұйымдастыру техникалық шаралар әзірленіп, орындалды. Бүгінгі таңда жылумен және ыстық сумен жабдықтау кезеңінде 223 зақым анықталды. Қысқа мерзімде барлық зақым жойылды.

Станцияларда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. №2 жылу электр орталығында №2 қазандық агрегаты, ал №3 жылу электр орталығында №4 қазандық және №1 турбоагрегат күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар басқа да қазандықтар мен турбиналарда жоспарлы және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қажетті көмір мен басқа да ресурстар қоры алдын ала дайындалған.

Әнуарбек Аманов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

ТМ-20 жөнделді. Ол Ворушин-Қамзин көшелерінің қиылысында 110 метр ауыстырдық. Содан кейін, Малайсары Батыр мен Қамзин көшелерінің қиылысында ТМ-10 деген жөнделді, ол арада 200 метрден астам күрделі жұмыстар өткіздік. Тағы привокзальный площадь дейді ол жерде 220 метрден астам жылу желілері ауыстырылды. Күрделі жұмыстардан өтті. Қосымша ТМ-32 ол Ломов Қамзин қиылысында ауыстырылды, толықтай жұмыстар аяқталды.

Қазір қаланың барлық 305 әлеуметтік нысаны және 1338 көпқабатты тұрғын үйі жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде жекеменшік үйлердің 99 пайызы жылумен қамтылған.

Сабина Жолдаспаева