Өрт кезінде не істеу керек, қайда барып, кімнен көмек сұрау керек. Дәл осы сұрақтарға Железин аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен шекарашылар ұйымдастырған ашық сабақта жауап берілді. Оқушыларға қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігі бойынша түсіндірілді.
Железин ауданы оқушылары үшін ерекше ашық сабақ ұйымдастырылды. Табиғат аясында шекарашылар кинологиялық қызметпен таныстырып, төтеншеліктер өрт сөндіретін техникаларын көрсетті.
Шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Ахат Омаров, Железин ауданы ТЖБ бастығы
Железин ауданы мектебінің оқушылары үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметімен бірігіп, көшпелі ашық сабақ өткіздік. Бұл ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің 30 жылдығына арналды. Шараның мақсаты – оқушыларға практикалық түрде өрт қауіпсіздігі бойынша ақпарат ұсыну, яғни өрт кезінде қайда, қалай бару керектігін айттық. Сонымен қатар, техникамызбен таныстырдық.
Айта кетсек, елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» мерейтойлық акциясы өтіп жатыр. Біздің өңірде де аталмыш жоба аясында бірқатар шаралар өтуде.
Самал Қалиқызы