Наурыздың 15-і күні жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтеді. Дауыс берушілер арасында дауыс беру процесіне алғаш рет қатысып отырған қазақстандықтар қатары да көп. Солардың бірі Павлодар ауданындағы Заря ауылының 11-сынып оқушысы Елдана Құспекова.
Елдана Құспекова, Заря ауылдық мектебінің 11-сынып оқушысы
Әрбір қазақстандық үшін маңызды қадам деп санаймын. Мен үшін де жауапкершілікке толы сәт келе жатыр. Өз елімнің болашағына үлесімді осылай да қоса аламын.