Дәстүрлі түрде биыл да Наурыз мерекесін тойлау аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Жалпы онда 300-ден астам тонна өнім сатылымға қойылмақ. Толығырақ тілші сюжетінде.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өңірдің үш қаласы мен 10 аудан орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жауапты басқармада қай күні, қай жерде жәрмеңке өтетінін айтты.

Жалпы бұл күндері 360 тонна өнім сатылады. Оның ішінде ет өнімдері, сүт өнімдері және көкөніс, жеміс жидектер алуға болады.

Осы ретте, басқарма мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өңір тұрғындарын жәрмеңкелерге қатысуға шақырады.

Самал Қалиқызы