Референдумға орай Павлодарда «Куиз» интеллектуалдық ойыны өтті. Жалпы 20-дан астам команда қатысып, бақтарын сынады.

Дәстүрлі қазақ тілді интеллектуалдық «Куиз» ойыны осы жолы Жаңа Конституциялық жобаға орайластырылды. Онда заңнамадағы өзгерістерге байланысты сауалдар да ортаға тасталды.

Ойын 5 турдан тұрды. Алғашқы екі кезеңнің сұрақтары Конституция аясында болса, қалған үш кезеңде сұрақтар өңірдің тарихы, әдебиеті, мәдениетіне байланысты болды.

Айта кетейік, Павлодар облысында қазақша куизді алғаш рет «Жебе» қоғамдық бірлестігі қолға алып, өткізді.

Самал Қалиқызы