Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Ұлттық қорға – балаларға» бағдарламасы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кезекті есебін жариялады. Бағдарламаға қатысушы барлық қазақстандық балалардың шотына 130,71 АҚШ доллары аударылған. Бұл қаражат үш жыл бойы инвестициялық айналымда болады.
Биылғы есеп бойынша әр балаға қосымша 9,95 АҚШ доллары түскен. Есептеу барысында бағдарламаға Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы бөлінеді.2026 жылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда бағдарламаға қатысатын балалар саны 6 миллион 918 мың 656-ға жеткен. Ал Павлодар облысында қатысушылар саны 249 мыңнан асады. Биыл өңірде 11 мың 521 бала кәмелет жасына толады.
Нұржамал Дүйсенбаева, Павлодар облысы БЖЗҚ филиалы директорының орынбасары
Заң бойынша осы кәмелетке толған бала қатушуларымыз екі мақсатта қолдана алады қаражатты. Үй алуға және білім алуға. Біздің павлодарлық қатысушылардың саны 10 мыңға таяу. Осы балалардың арызы бойынша ақшалары түсті.
Айта кетейік, бағдарлама аясында барлық қаражат АҚШ долларымен есептеледі. Баласының шотындағы қаражатты тексергісі келген ата-аналар мен қатысушылар ақпаратты enpf.kz сайты арқылы немесе Kids ENPF платформасынан біле алады.
Нұржамал Дүйсенбаева, Павлодар облысы БЖЗҚ филиалы директорының орынбасары
Бағдарлама бойынша заң бойынша бала біздің азаматмыз болса өзінің шотына түседі. Және де қаражаты инвестициялық айналымда болады. Автоматты түрде болады. Себебі бізді қор барлық мәліметтерді алып салыстырады. Сондвқтан біздің ата-аналарымызға тексеру құқығыңыз бар, бірақ та бала автоматты түрде қатысушы болып саналады.
Осы жылдың басынан бері 7 мың 517 адамның өтініші қабылданып, қаражат аударылған. Оның ішінде 4 мың 813 адам тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланса, 2 мың 704 адам білім алу мақсатында өтініш берген. Бағдарлама аясында жиналған қаражат балалардың шотында АҚШ долларымен сақталады және инвестициялық табыс әкеледі. Егер қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін қаражатын пайдаланбаса, ол тағы 10 жыл бойы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталады. Ал осы уақыт ішінде пайдаланылмаған қаржы кейін зейнетақы жинағына аударылады.
Дильназ Қуанышбекқызы