Боранды күндері төтеншеліктермен, полицейлермен қатар жедел жәрдем қызметі де күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Омбы қарды кешіп, ауырып қалғандарға медициналық көмек көрсетті. Олардың қатарында балалар да бар.

Павлодар облысында осы күндері ауа райының күрт бұзылып, боран, дауылдардың салдарынан жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Медициналық бригадаларға қарды кешіп өтуге, кейде тіпті осылай фельдшерлердің боранда жол көрсетуіне тура келді.

Асқар Ғазизов, Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз хатшысы

Мәселен Ақтоғай ауданының бір ауылдарында инсульт алған келіншекке дереу жету керек болды. Оған медициналық көмек қажет болды. Достық ауылында балада ларингит болып, ауа жетіспей қалды. Анасына телефон арқылы қажетті ұсыныстар берілгенімен, дәрігерлердің көмегі қажет болды. Сонымен қатар, кеуде тұсында жарақат алған 58 жастағы келіншекке жедел жәрдем бірнеше рет барды. Қызылжар ауылының дәрігерлері қардың көп жауғанына байланысты, жаяу баруға тура келді. Оған ауырсынуды басатын дәрі салынды.

Осы ретте, мамандар дауылды ескерту хабарламасы келгенде барынша құлақ асуға, алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Самал Қалиқызы