15 наурыз күні еліміз үшін маңызды күн. Референдум күні өңірде 520 учаске жұмыс істеді. Оның 420-да мүгедектігі бар азаматтар тіркелген. Бір ай бойы олардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді. Бұндай топ бүгін облыс орталығындағы рефрендум учаскесін тексерді.

Әйгерім Тоқпанқызы, тілші

Павлодар қаласындағы №29-ші референдум учаскесі сақадай сай дайын. Мүгедектігі бар азаматтар үшін Брайл қарпімен жабдықталған трафарет бар. Сонымен бірге арнайы жабдықталған кабина орналасақн. №29ші референдум учаскесінде 1992 адам 15 наурыз күні таңдау жасайды.

Мониторинг тобының мүшесі Юлия Петрусева комиссиямен бірге референдум учаскелеріне барды. Мамандардың айтуынша, мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық талап жасалған.

Юлия Петрусева, мониторинг тобының мүшесі

Мы посетили 29 участок перед референдумом. Біз референдум алдында №29 учаскеге бардық. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділіктің бар-жоғын тексеру. Арбада қозғалатын, көру қабілеті нашар немесе мүлде көрмейтін азаматтар үшін жасалған жағдайларға қарадық. Барлығы өз деңгейінде ұйымдастырылғанына көңіліміз толды. Барлық талаптар сақталған, жұмыс барлық нормаларға сәйкес жүргізілген.

Бұл учаскеде мүгедектігі бар 17 азамат тіркелген. Олардың ішінде есту қабілеті нашар және арбада қозғалатын азаматтар бар.

Ахмад Дүсмағамбетов, Павлодар қаласы №29 референдум учаскесінің төрағасы

Біздің учаскеде 17 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Залдағы стендтер мен орындықтар жабдықталған. Мүгедектігі бар азаматар үшін арнайы үстел мен компьютер бар. Комиссия мүшелері өз жұмысын бастауға дайын.

Сонымен қатар, үйде дауыс беру үшін 9 өтініш түскен. Бұл азаматтар үшін арнайы тасымалданатын жәшік әзірленді. Комиссия мүшелері бұл үйлерге барады. Айта кетейік, Павлодар қаласында 140 референдум учаскесі жұмыс істейді. 284 мыңнан астам азамат таңдау құқығына ие.

Вера Гейнц, Павлодар қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары

Мамандардың айтуынша, қаладағы барлық референдум учаскелерінің дайындығы жүз пайыз. Комиссиялар қажетті материалдық-техникалық және әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Осылайша, Павлодар қаласында референдум өткізуге барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Учаскелер дауыс берушілерді қабылдауға толық әзір.

Әйгерім Тоқпанқызы