15 наурыз күні Павлодар қаласында қоғамдық көліктерде тегін жол жүру ұйымдастырылады. Бұл шара жалпы республикалық референдум өтетін күнге байланысты қолға алынған.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Жолаушылар 25 қалалық бағыттағы автобустармен, сондай-ақ трамвайлармен ақысыз қатынайды. Қоғамдық көліктер әдеттегі қозғалыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді. Тегін жол жүру мүмкіндігі барлық жолаушылар үшін қолжетімді болады.