Республикалық мәслихаттардың үшінші форумына облысымыздан 100 ден астам делегет барды. Олар әр түрлі партия мүшелері. Онда облыс депутаттары атынан мәслихаттардың модернизация аясында инновациялық бастама ұсынылды.

Мәслихаттар модернизация аясында Президент алдында ұсынылған жобаны Павлодар облысының депутаттары 2023 жылдан бері ойластырған. 3 жылға жуық уақыт бойы жетілдірілген жоба мәслихат депутаттары жұмысын жетілдіруді көздейді. Онда әкімшіліктің облыс, қаланың инфрақұрылымдық және өзге де жобалары туралы ақпарат топтастырылады.

Илья Теренченко, Павлодар облысы мәслихатының төрағасы

Президентке жобамыз туралы айттық. Бұл- депутаттардың сұрақтарға сенімді әрі нақты жауап беруіне мүмкіндік беретін жоба болмақ. Жауап мерзімі де нақтыланады. Виртуалды кеңесші жобасы жасанды интеллект жылы аясында іске қосылмақ. Жоба аясында әкімшіліктің нысандардың құрылысы, күрделі жөндеуі, желілердің құрылысы туралы ақпараты депутаттарға виртуалды түрде қолжетімді болмақ. Бұндай жағдайда депуататтың жуабы да сапалы болады.

Қазір ақпараттық технологиялар колледжімен бірлесіп жасалуда. Сәуір айында аяқтау жоспарланған. Алдымен тесттік режимде іске қосылып, сосын бүкіл ел бойынша жүзеге асыру жоспарланған.