Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда полиция департаментінің өкілі баяндама жасап қоғамдық тәртіптің мән-жайын айтты. Азаматтардың Конституциялық құқығы қалай қорғалып жатқандығына тоқталды.
Биыл Павлодар облыстық полиция департаменті 5 мыңға жуық қылмыстық іс тіркеліпті. Өткен жылда да шамамен осыншама қылмыстық іс қозғалған. Осылайша 2 мыңға жуық адам қылмыстық санаттағы жауапкершілікке тартылған. Жыл басынан бері 9 мыңға жуық іс тергеліп оның 52 пайызға жуығы ашылыпты.
Сафуан Жанпейісов, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары
Республика бойынша 49 пайыздан астам тергеу ісі ашылды. Біздің облыста 1800 ден астам іс сотқа жолданды. Бұл тергеудегі істердің 37 пайызы. Республка бойынша тергеудегі істің 34 пайыздан астамы сотқа жолданды.
Спикер тергеудегі азаматтардың Конституциялық құқығының қорғалуы барысына да тоқталды. Бұл бағытта бас прокуратурамен ІІМ министрлігі арасындада қабылданған меморандум да бар екен. Биыл сотқа дейінгі тергеуде ешқандай құқық бұзылған жоқ деді Сафуан Жанпейісов. Былтыр сәйкес кезеңде 7 бұзушылық тіркеліпті.
Сафуан Жанпейісов, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары
Азаптау мәселесі қазір аса қатаң бақылауға алынған. Оған жол берген тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жоғарыда айтқан меморандумның 5-пунктіне сәйкес арнайы электронды база жасалды. Ол база азаматтардың әкімшілік ғимаратта 3 сағаттан артық болмауын қамтамасыз етеді. Осы базаның арқасында биыл 91 бұзушылық анықталды. Бұны әрине растап, мойындаймыз.
Сонымен қатар, Сафуан Жанпейісов тергеу орындары 3 мыңға жуық камерамен қамтылғандығын атап өтті. Осы камераларға жазылған бейнелерді бақылау мекемелері кез-келген уақытта көре алады. Сондай-ақ, спикер қылмыстың алдын-алу жолында жасалып жатқан шараларға да тоқталды. Облыс бойынша 20 ауылдың кәсіпкерімен алкогольді ішімдік сатпау жөніндегі келісімге де келгендігін жеткізді.