Көңілділер мен тапқырлардың сахнасы — Жайдарман!

 Алтын сақа инновациялық шығармашылық орталығында алғаш рет мектеп оқушылары арасында өткен бұл ойын жас дарындарға өз өнерін көрсетуге зор мүмкіндік берді.

Мектеп Лигасы – белсенді, шығармашыл және бастамашыл жастарды біріктіретін ерекше алаң. Бұл жоба жасөспірімдердің шешендік қабілетін шыңдап, сахна мәдениетін қалыптастырады.Маусымашар ойыны — мектеп оқушыларына арналған Жайдарман маусымының ресми ашылуы.Қазір орталықта 20-ға жуық үйірме жұмыс істейді, соның ішінде биыл алғаш рет жайдарман үйірмесі ашылып отыр.Байқауға қала мектептерінен 7 команда қатысты.

Аман Ибраев, «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығы басшысының орынбасары

Алдағы мақсаттарымыз қазіргі маусым ашар ойыны өтір жатыр. Осы уақытқа дейін командалар іріктелініп алынды.Одан кейін біз ширек финалдық, жартылай финалдық ойындар арқылы өткізе отырып финалды оқу жылының сонына қалдырып отырмыз.Яғни үрдіс жалғасатын болады. Оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге жалпы қоғамдағы өз орындарын білуге дағды қалып тастырып жатырмыз орталық ретінде.

Бұл бастама мектептер арасындағы достық пен мәдени қарым-қатынасты нығайтуға, ал жас қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.Жобада «Білім-инновация» лицейі, «Жас дарын», Абай атындағы гимназия, Ы.Алтынсарин гимназиясы және «Омлиод»,Назарбаев зияткерлік мектебі командалары бақ сынады.

Арғын Амантай, дарынды ер балаларға арналған білім-инновация лицей-интернатының президенті

Бүгінгі біздің кереку командасына жанкүйер болып келдім. Бірінші орын алады деген үміттемін. Дайындық өте жоғары деңгейде болды.Жайдарман өте жоғары деңгейле дамыған. Әр жылы белсенді қатысамыз, ана жолы төотінші орын алдық.

Жандәулет Тоқболаев, команда мүшесі

Кереку командасында ойнаймын. Команда да бізде бес адам. Оның капитаны Бекасыл деген бала. Оның 3 жыл опыты бар. Біздің тақырыбымыз жалпы әлеуметтік желі де тиктоктан алдық. Себебі қазір жастарға әлеуметтік желі де түсінікті болып келеді.

Әзілдің шеберлігімен, сахналық мәдениетімен көзге түскен оқушылар төрешілердің де көңілінен шықты. Қазылар алқасы қатысушыларды жігерлендіріп, әділ бағасын берді.

Олжас Қоңыратбаев, Павлодар «Жайдарман» лигасының төрағасы

Дайындық өте керемет жақсы. Біздің мектеп оқушылары бұл ойынды асыға күтті. Бұл маусымашар жайдарманның негізгі мақсаты ең мықты командаларды жинап, жылдың басында Астана қаласында өтетін маусым ашар жайдарман ойынына бала жайдарман және жюниюрс жайдарман ойынына қатыстыру.

Кеш соңында барлық командаларға арнайы сертификаттар табысталып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жүзден жүйрік шығып, бас жүлде – алтын кубокты Павлодар қаласының Білім-инновация лицейінің командасы иеленді.

Дильназ Қуанышбекқызы