Кезекті «Әкім сағаты» бағдарламасының қонағы – Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов болды. Бағдарлама барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығының қазіргі ахуалы айтылды. Сондай-ақ, инфрақұрылым мен бизнес саласындағы жаңалықтар баяндалды.
Тереңкөл ауданы – егін және мал шаруашылығына қолайлы өңірдің бірі. Биыл жиын-терін науқаны табысты өтті. Ауа райының жауын-шашынды болуы шаруаларға біраз қиындық тудырғанымен, егіннің шығымы артты. Қазіргі уақытта дәнді дақылдарды ору аяқталып, майлы дақылдарды жинау жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр.
Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі
Бүгінгі күні біз 140 мың дәнді дақылдарды аяқтасақ егін оруды. Бүгінгі күні майлы дақылдар былтырмен салыстырғанда 30 мың гекатрға ұлғайттық майлы дақылдардың көлемін. Бүгінгі күні 130 мың гектардың 86 мың гектары орылды. Осы аптаның аяғына дейін 100 пайыз орындау жоспарда бар. Егіннің шығымы кейбір елдімекендерде рекрдық деңгейге жеткенін атап өту керек. Мысалы орта есеппен алғанда, 15-16 центнер гектарына болса, кейбір шаруа қожалықтарында бұл көрсеткіш дәнді дақылдар бойынша 25-30 центнерге жетті.
Ауданда инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Әсіресе шалғай ауылдарда электр желілерін күрделі жөндеу қолға алынған. Жалпы ұзындығы 50-60 шақырым болатын желілер жаңартылып жатыр. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады. Сонымен қатар, ауыл көшелерінде жаңа жарық шамдары орнатылды.
Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі
Ал интернет желісіне келетін болсақ, бүгінгі күні барлық 12 елдімекенде интернет желісі бар. Кейбір шалғай ауылдарында мобильдік интернет әлі жоқ. Бірақ біз мұнара бойынша екі жоба әзірледік. Әр жобаның құны 12 млн. Ол тікелей облыстық басқармамен әзірлейміз.
Шағын және орта бизнестің дамуы аудан экономикасының маңызды бағыты саналады. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауданға тартылған инвестиция көлемі 19 миллиард теңгеге жетті.
Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі
Жоспарда 21 млрд жылдың аяғына дейін. Жалпы шағын және орта бизнестің дамуына әрдайым оған қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында онсыз болмайды жеңілдетілген несие бар мемлекеттік бағдарлама аясында. Ең біріншіден жер учаскісі әзерленіп, оның рәсімдеуі бар. Одан кейін жобалық сметалық құжат бар. Бизнес жобалары бар,соны әзірлеуге. Одан кейін бізде кәсіпкерлік орталық бар Атамекен деген филиал. Олардың да есігі ашық, әрдайым бизнес жоспарларын күнделікті әзірлейді. Міндетті түрде әрдайым біздің бақылауда. Бірігіп мемлекеттік органдармен шағын және орта бизнес бірігіп жұмыс жасаса сонда ғана нәтиже болады.
Бағдарламаның дәстүрлі «Әкім уәдесі» айдарында Азамат Маңғұтов аудан оқушыларының жетістіктеріне тоқталды. Әкімнің айтуынша, ауданның дарынды жасөспірімдері облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда жиі жүлделі орындарға ие болып жүр. Әсіресе Абай оқуларына қатысатын шәкірттердің саны артып келеді. Осыған орай, аудан басшысы келесі жылы үздік оқушыларды ұлы Абайдың туған жері – Жидебай шатқалына апаратынына уәде берді.
Сабина Жолдаспаева