15 – қараша ұлттық валюта күні. 1993 жылы бұл күні төл теңгеміз айналымға шықты. Осы уақыт ішінде талай рет түрленіп, бейнесі де өзгерді. Банкноталардың шығу тарихы мен онда бейнеленген суреттері және қорғаныс белгілері жайында бүгін ұлттық банктің облыстық филиалында ашық есік күні барысында болашақ қаржыгерлерге таныстырылды.

15- қараша күні елімізде қос мереке тойланады. Бұл теңге және қаржыгерлер күні. Ұштасқан мейрамға орай өңірдің басты қаржы ұйымына студенттер келді. Бұнда олар болашақ мамандықтарына байланысты әсіресе, экономика, инфляция тақырыбында сауал қойып, тұшымды жауап алды.

Дихан Төкенов, ҚР ұлттық банкі павлодар филиалының бөлім басшысы

Студенттерді шақырып ұлттық банк қызметі туралы, валютаның тарихы туралы қорғаныс элементтері туралы ақпарат береміз. Оның мақсаты студенттер тарихын білсін деп ақпарат алсын деп қызықты түрде өткізуге тырысамыз.

Бұдан кейін студенттер үшін музейде экскурссия ұйымдастырылды. Бұнда оларға айналымға алғашқы шыққан банкноталар, монеталар сарайында қағылған тиындар көрсетілді.

Әйгерім Тоқпанқызы, тілші

Ұлттық банктің Павлодар филиалында осындай мұражай бар. Бұнда кассалық аппараттар сонымен қатар әр жылдары басылып шыққан қағаз ақшалар бар. Маған ең ұнағаны бұл коллекциялық монеталар. Осы монеталар ішінде ерекше ұнағаны «Көкбөрі» монетасы. Бұл күмістен және алтынмен қапталған бриллиант тасы бар.

Әлнұра Жанғазина каржы факультетінің бірінші курс студенті. Өткен кездесуден мамандығына байланысты мол мағлұмат алғанын айтады. Бұндай шаралар жиі өткізілгенін қалайды.

Әлнұра Жанғазина, студент

Осы шараның болғанын қаламймын. Себебі біздің факльтет үшін болашақ мамандық үшін бұл өте жақсы шаралар болып келеді. Болашақ маман үшін біздің білімімізді арттырады. Себебі біз сабақтан бұрын бізге музейді көрсетті. Теңгенің қандай болғанын көрсетті.

Ал кездесудің екінші бөлігінде қатысушылар викториналарға қатысты. Ұлттық теңгемізге қатысты сұрақтарға жауап қайырып, сыйлық алды. Айта кетейік, теңге — жалған ақшадан қорғалған әлемдегі ең қауіпсіз валюта екен.

Әйгерім Тоқпанқызы