Павлодар қаласында алғаш рет айти саласы бойынша кәсіби және техникалық бағытта сабақ беретін оқытушылар арасында шеберлік сайысы басталды.Екі күнге жалғасатын конкурсқа еліміздің түкпір түкпірінен ең мықты деген ұстаздар қатысты. Қандай құзыреттіліктер бойынша бақтарын сынайды? Тілшіміз айтсын.
Екі күн бойы Павлодар қаласындағы ақпараттық технологиялар колледжі мен электроника мен коммуникация жоғары колледждерінің базасында еліміздің 20 облысынан келген оқытушылар бақтарын сынайтын болады. Сайысқа кәсіптік және техникалық білім беретін ұйымдардың өкілдері ғана қатыса алды.
Гүлмира Баширова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары
Айти сала бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында конкурстың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Конкурс шеберліктеріңізді көрсетеді. Білікті мамансыздар. Жетістіктер тілеймін.
Сайыс 3 құзыреттілік бойынша өтеді, вебдизайн, киберқауіпсіздік және алгеритмиялық жобалау. Алғашқы күні оқытушылар жұмысы жеке-жеке бағаланады. Ал, екінші күні қатысушылар жасаған тапсырмаларын қорғайды.
Бауыржан Сейталы, Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы
Жалпы барлықтарыңыз білетіндей, қазіргі таңда еліміздің Президенті бірнеше жыл ішінде цифрлық елге айналу керек деп, сондықтан бұл мақсатта іс шаралар өткізіліп жатыр. Бұл жерде әр оқытушы шеберелігін көрсетіп, қандай құзыреттілікті көрсетуге бағытталған.
Жалпы, сайыс республикалық деңгейде болғандықтан, 66 оқытушы қатысты. Шараның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, үздік айти саласының мамандарын анықтау.
Махаббат Төленғалиева, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі басшысының орынбасары
Бұл республикалық кәсіби конкурсқа веб-құзыреттілік бойынша қатысушы алып келдім. Өзім сарапшымын. Абылаев Жандарбек осы сайысқа қатысады. Осы құзыретіллікті таңдаған себебіміз, сайт әзірлеумен айналысады. Бұл конкурстар өте маңызды бұл жерде әр қатысушы білім деңгейін көрсетеді. Алатыным көп деп есептеймін. Тәжірибе алмасу болады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ҚР оқу ағарту министрлігі атынан дипломдар табысталатын болады.
Самал Қалиқызы