Биыл «Ертіс» арнасына 60 жыл толды. Осы уақыт аралығында телеарна талай журналистің жұлдызын жақты. Осы жерден алған тәжірибесі мен білігі талайлардың медиа аспанында әрмен қарай биік самғауына үлес қосты. Солардың бірі бүгінде елімізге танымал тележурналист, диктор Қуандық Танабас.

Қуандық Танабас кәсіби жолын облыстық «Ертіс» телеарансында бастап, кәсіби шыңдалған журналист. Оны жылдан астам уақыт бойы облыстың қоғамдық өмірінің тамыр соғысын телеэкран арқылы жұртшылыққа жеткізді. Қатардағы тілшіліктен бастап, жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы, телеарна директорының орынбасары сияқты жолдардан өтті. Әр қилы сараптамалық хабарлары бір төбе.

Күн сайынғы «Ертіс ақпарат» жаңалықтар топтамасы, апталық «Уақыт керуен» сараптамалық бағдарламасы, «1 студия» хабары. Қуандық Танабас осы жобаларда жарқырай көрініп, көпшілік көрерменнің назарын көгілдір экранға аудара білді.

Кәсіби жолға бастау берген шаңырақтың мерейтойы «Ертіс» тен түлеп ұшқан баршасының мейрамы.

Қуандық қазір республика деңгейінде танылған журналист. Өз кәсібилігін ел деңгейінде көрсете білген маман. Республикалық «Хаба24» арнасында жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы ретінде еңбегін жалғастыруда.