Май ауданы Қаратерек ауылынан 20 шақырым жерде автобус сынып, жолда қалған. Көлік ішінде 36 жолаушы, оның ішінде 13 бала болған.Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері барлық жолаушыларды эвакуациялады. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Асқар Бүркітбаев, Май ауданы ТЖБ бастығы
Республикалық маңызы бар «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Большой Ақжар – Курчатов» автожолында 36 жолаушысы бар автобус бұзылып қалды. Май ауданының төтенше жағдайлар қызметі мен полиция бөлімінің күшімен жолаушылар эвакуацияланып, Май ауданының Кентөбе ауылына жеткізілді.
Белгілі болғандай, автобус- Семей қаласынан Шымкентке транзитпен бара жатқан Өзбекстан Республикасының азаматтарын тасымалдаған. Барлық жолаушылар жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Дильназ Қуанышбекқызы