24 наурыз – дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осыған байланысты наурыз айында облыс бойынша түрлі шаралар жоспарланған. Солардың бірі – облыстық фтизиопульмонология орталығында өтіп жатқан «Наурыз – ашық есік айы» акциясы.

Туберкулез – ауа-тамшы жолымен жұғатын ауру. Ол негізінен өкпе дерті деп саналғанымен, сирек жағдайда сүйек, ішек, ми, көз және өзге органдар мен жүйелерді зақымдауы мүмкін. Инфекцияның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас. Ол адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауаға бактерияларын жаяды. Сондай-ақ, туберкулезге шалдыққан жануардың сүті мен еті жұқтыру көзі болуы мүмкін. Сондықтан денсаулықты мұқият қадағалап, сақ болу өте маңызды. Осы тұста, дәрігерлер туберкулездің алғашқы белгілерін танып, уақытында қаралу қажеттігін еске салады.

Айнаш Қайдарова, павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығының клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі

0804 01.32 «2-3 апта ішінде жөтел, температура 37-37,5 шегінде, кеуде қуысының ауыруы, тәбет болмауы және салмақ тастап, шаршау белгілері болса, әрбір азамат өзінің учаскелік терапевтіне барып, туберкулезден тексеру өткізуі қажет. Сондықтан тубезкулез неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым емдеу шаралары жақсы болады»

Соңғы жылдары облыста аталған аурумен сырқаттанғандар саны азайып келеді. 2024 жылы 296 науқас тіркелсе, 2025 жылы 244-ке азайған. Туберкулезді емдеу тегін жүргізіледі. Облыстың барлық емханасында фтизиатр кабинеттері және амбулаториялық бақылаудағы емдеу кабинеттері жұмыс істейді. Қазіргі таңда 230 пациент амбулаториялық ем қабылдауда.

Айнаш Қайдарова, Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығының клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі

 «Емдеуді ұымдастыру үшін облыста жаңа, тиімділігі жоғары туберкулезге қарсы препараттар қолданылады. Бұл дәрі-дәрмекке төзімді туберкулезді емдеу мерзімін 24 айдан 9-12 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Толық таблетка түрінде беріледі. 2025 жылдың мамыр айынан бастап, облыста туберкулез емдеу мерзімі 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін Претоманид препараты енгізілді.бүгінгі таңда бұл туберкулезді емдеудің ең қысқа мерзімі»

Тегін флюорографиялық тексеруден өту және фтизиатр дәрігерлерінің кеңесін алу үшін облыстық фтизиопульмонология орталығына келуге болады. Ол Камзин көшесі 275 мекенжайында орналасқан.

Жұлдыз Қабылденова