8 наурыз мерекесі қарсаңында әр алуан салада қызмет етіп жүрген арулар жайлы айтуды жалғастырамыз. Олар қызметтің ауырлығына, қиындығына қарамастан ерлермен қатар күштік құрылымдар да жұмыс жасайды. Солардың бірі – Жұлдыз Оразбайқызы.
Төтенше жағдайлар саласында психологиялық тұрғыда мықты мамандардың жұмыс жасағаны жөн. Олар түрлі техногендік, табиғи сипаттағы апаттармен бетпе бет кездесіп, кейде түрлі ауыр жағдайларға куә болып жатады. Осы ретте, олар психологиялық көмекке жүгінеді.
Жұлдыз Рушанова, Павлодар облысы ТЖД кадрлық және тәрбие басқармасының бас маман-психологы
Төтенше жағдайлар болмаса, күніміз әдеттегідей 9-да басталады. Жоспарға сәйкес жеке құрамды тестілеуден немесе аттестациядан өткіземіз. Сонымен қатар, жиі тренинг ұйымдастырамыз. Жеке құрам азаматтары түрлі өрт, апаттарды көзбен көріп жатады. Қызметкерлерге өте ауыр, сондықтан стресс, үрей бойларында қалып қоймау үшін түрлі жұмыстар жүргіземіз. Бірінші кезекте тест жүргіземін. Содан ақ қызметкердің жағдайын біле аламын. Себебі, кез келген адам қандай да бір жағдайды апаттарды өзінің жақындарымен байланыстырады. Солар үшін қорқа бастады. Бұл қалыпты жағдай. Сол үреймен күресеміз.
Жұлдыз Рушанова бұл салаға жүрек қалауымен келді. Еңбек жолын фельдшер болып бастап, қазір 16 жыл бойы төтенше жағдайлар департаментінде еңбек етіп келеді. Атағы - подполковник. Жеке құраммен қатар азаматтармен де жұмыс жүргізеді.
Жұлдыз Рушанова, Павлодар облысы ТЖД кадрлық және тәрбие басқармасының бас маман-психологы
Майқайыңдағы жағдай естеріңізде шығар. Бірінші тәулікте екі адам табылды. Бірі жас қызметкер, екіншісі бұрыннан істеп жүрген қызметкер. Солардың туған туыстарымен қарқынды жұмыс жүргіздік. Алғашқы күндері олар үшін қиын болды. Қалай болса да біреудің баласы, біреудің әкесі болды. Өте қиын. Солардың жандарында болдық. Себебі біз ешқандай терапия, укол жасамаймыз. Біз тек жандарында болып, қолдау білдірдік. Ең ауыр кейстердің бірі осы десек болады.
Сонымен қатар, күштік құрылымдарда полиграфиялық зерттеу тобының жұмысы да маңызды. Әсіресе енді жұмысқа келгендер осы бақылаудан өтеді. Жалпы, Жұлдыз Оразбайқызы өзінің жұмысын сөзсіз жақсы біліп, жақсы көретінін айтты. Бұл қызметте ең мықтылар ғана қалады.
Жұлдыз Рушанова, Павлодар облысы ТЖД кадрлық және тәрбие басқармасының бас маман- психологы
Бұл салада адам не жұмыс істейді, не істей алмайды. Себебі біз бұл жерге жалақы үшін емес, өзімізге не керек соны іздеп келеміз. Мысалы өрт сөндірушілер де осы қызметтің қаншалықты қауіпті екенін біліп келеді, себебі өрттен олардың аман шықпауы да мүмкін. Сол сияқты мен де өзіме ұнағасын келдім. Себебі, ұнамаса бұл жерде көп отыра алмайды адам. Ал мен 16 жыл осындамын. Тіпті кетем деген ойым да болады. Зейнеткрелікке дейін
Заман талабына сай әйелдердің де қызметтері артып кеткендей. Олар бала-шағаны өсіріп, шаңырақтың берекесін келтіріп қана қоймай, қызметін жасап, кәсібін ашып, қоғамға пайдасын тигізуді тоқтатпай келеді.
Самал Қалиқызы