Нәзік жандылар әрқашан жылы сөзге, қамқорлыққа лайық. Ал көпбалалы аналардың қоғамдағы орны ерекше. Солардың құрметіне бүгін Павлодар облыстық перинаталдық орталықта арнайы шара ұйымдастырылды. Тілші әңгімесінде.

Аналарға жылы көрпе, сәби киімі, жастықтар және тоқылған балалар шұлығы табыс етілді. Бұл сыйлықтарды кәсіпкер өз қолымен жасап, жаңа туған нәрестелерге қажет зат ретінде ұсынды. Шараның мақсаты – жаңа босанған аналарға қуаныш сыйлау, жылулық сезімін жеткізу болды.

Нұржас Базарбай, Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонотолог дәрігері

Дәл қазіргі уақытта орталықта 11нші баласын босанған анамыз бар. 7,6,5 баласын босанған аналар бар. Сол аналарды мерекелермен құттықтадық. Балаларының жағдайы бір қалыпты, тамақтану барлығы жақсы. Денсаулықтарында ешқандай өзгерістер байқалмайды. Жақын арада біздің орталықтан үйлеріне шығайын деп жатыр.

Сыйлық алған аналардың бірі – Кенжекөл ауылының 38 жастағы тұрғыны, алтын алқа иегері- Жұлдыз Алиясова. Ол кеше 11-ші баласын дүниеге әкелді. Мұндай қуанышты әр нәзік жанды ару сезінсін деп тілеймін», – дейді ана.

Жұлдыз Алиясова, көпбалалы ана

4-і күні сағат 1,30 босандым. Ұл 3,400 грамм. Есімін Жан қойдық. 6Ұл үйде 5 қыз, 5 ұл. Енді 6 ұл. Бақыттымын. Келе жатқан 8 наурыз мерекесі әйелдер күні ғой. Әр әйелге///02:00/// 02:05/// Ана сезімін сезінуге тілеймін ана бақытын.

Әміре және Зере есімді егіздің анасы Жангүлім Нұрлан. Ол Павлодар қаласының 32 жастағы тұрғыны. Кеше ол көпбалалы ана атанып, қуанышқа кенелді.

Жангүлім Нұрлан, көпбалалы ана

Егіз баланың анасы атанып отырмын. Бір ұл, бір қыз егіз баланың анасымын. Үйде 3 ұлым бар. Сонымен көпбалалы ана болдым. Өте қуаныштымын. Осы халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында осы сондай керемет қуаныш болып жатыр. Өте қуаныштымыз. Барлық әйелдерге мықты болыңыздар. Осындай қуаныш әр отбасында бола берсін деп тілеймін.

Әйел бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді. Отбасының ұйытқысы болып, қоғамға үлес қосады. Айта кетейік, биыл Павлодар облыстық перинаталдық орталықта 799 сәби дүниеге келді. Оның 8-і – егіздер.

Әйгерім Тоқпанқызы