Шарбақты ауданының тұрғындары жаңа Конституция жобасы туралы тың ақпарат алды. Құжаттың негізгі ережелерін түсіндіру үшін ауданға Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы бастаған арнайы ақпараттық топ келді.
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері түсіндіру жұмыстарын «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ұжымымен кездесуден бастады. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының басты бағыттары, сондай-ақ мемлекеттегі әділдік, ашықтық және даму қағидаттарын нығайтуға арналған өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Әсіресе жаңартылған преамбулаға ерекше назар аударылды.
Алтынбек Нұхұлы, ҚР парламенті сенатының депутаты
Міне 10 күннен аз уақыт қалды. Жалпы республикалық 15 наурыз күні дауыс беріп жүрек қалауын санады түрде таңдайды деген ойдамыз.
Кейін коалиция мүшелері аудандық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Жиын барысында қатысушыларға ұсынылып отырған конституциялық түзетулердің мәні мен маңызы түсіндірілді. Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлының айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты айқындауға, сондай-ақ елдің адами әлеуетін дамытуға бағытталған.
Алтынбек Нұхұлы, ҚР парламенті сенатының депутаты
Біздің мемлекетіміз териториясы жағынан бүкіл әлемде 9 орынды алады. Ал мемлекеттердің саны 200ден асады. 9 орын алу деген қаншама жердің үлкенділігі ның астында әлі қаншама байлық бар деген сөз. Сол байлық көздерін дұрыс пайдалана білу оларды экономикалық тұрғыдан тиімділігін арттыру жолы үшін алдами капиталда жұмыс істеу керек. Мысалы салыстырмалы түрде Жапонияны алып қараңыз біздің мемлекеттен териториясы бірнеше рет кіші. Және оларда біздікіндей байлық жоқ бірақ экономикасы жағынан алдыңғы қатарда.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кездесуге дейін олар жаңа Конституция жобасымен танысып үлгерген. Дегенмен кейбір мәселелер бойынша қосымша сұрақтар қойды. Кездесу барысында делегация мүшелері тұрғындарға толыққанды түсіндірме беріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды.
Қуантай Шакаманова, ардагер ұстаз
Ата заңымыздың маған ұнаған жерлері білімне денсаулыққа көңіл аударылады екен. Тегін деп айтудың орнына ақсыз айтылады екен. Жасанды интелект дамытуға назар аударылады. Мошенниктерлі анықтау бойынша да заңда қарастырылған екен.
Кездесу соңында коалиция өкілдері аудандағы дәнді және майлы дақылдар өсіруге маманданған шаруашылықтардың еңбек ұжымдарымен жүздесті. Онда аграрлық сала қызметкерлеріне де Конституция жобасындағы өзгерістер түсіндіріліп, ауыл шаруашылығының дамуына қатысты мәселелер талқыланды.
Дильназ Қуанышбекқызы