Сенат депутаты Ернұр Әйткенов бастаған референдумды қолдау жөніндегі коалиция мүшелері Тереңкөл ауданыныда болды. Жұртшылықпен бірге жаңа конституция жобасының маңызы мен мазмұны жайлы ой өрбітті.

Коалиция мүшелері алдымен Жаңатаң ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық мәдениет үйіне жиналған тұрғындар қонақтардың жаңа Конституцияның не үшін қажет екендігі және оның өзегі қандай принциптерге құрылғандығы жөніндегі ойларын тыңдады.

Одан кейін кездесу Песчан ауылындағы жөндеу-монтаждау кәсіпорнының ұжымымен өтті. Кәсіпорында 100 ге жуық адам еңбек етеді. Барлығы ауыл тұрғындары, қарапайым еңбекккерлер. Оларға коалиция мүшелері жаңа Констиуцияның заман талабы мен халық сұранысы негізінде жасалып жатқандығын жеткізді. Жаңа Ата заң барлық азаматтың құқығын тең қорғап, мемлекеттің адамға негізделуге бағытталғандығын жеткізді. Одан соң Тереңкөл аудандық аурухана ұжымымен кездесу өтті. Ақ халатты абзал жандар үшін жаңа Констиуцияда еліміздің әлеуметтік мемлекет екендігі айтылғандығы, ондағы азаматтардың ақыссыз ем алуға құқығы бар тұстары да айтылды.

Тереңкөл ауданының кәсіпкерлері де коалиция мүшелерімн кездесті. Көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Орта және шағын кәсіп өкілддеріне жаңа Конституция жоабсында азаматтардың кәсіппен айналысуға кепілдік берілетіндігі айтылды.