Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары келді. Олар өңірдің алып кәсіпорны Қазақстан Алюминийі зауытына барып, жұмысшыларымен кездесті.

«Қазақстан алюминийі зауыты» еліміздегі алюминий тотығын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Қазіргі таңда облыстың біраз азаматын жұмыспен қамтып отыр.

Ертіс-Баян өңіріне жұмыс сапарымен келген халық қалаулылары кәсіпорын қызметкерлерін Жаңа Конституция жобасының мәтінімен таныстырды.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты түсінікті әрі ашық. Ел үшін маңызды күні дұрыс таңдау жасауды үгіттеп жатыр.

Зауыт жұмысшылары елдегі саяси өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.

Самал Қалиқызы