Облыстық кітапханада «Птицы Павлодарского Прииртышья» фотоальбомының тұсауы кесілді. География, биология ғылымының өкілдері бұл еңбектің құндылығын жоғары бағалауда. Фотоальбом нені баяндайды? Тілшіміз тарқатсын.

Құстардың өмірі, әлемі таңғажайықа толы. Өздерінің бұлжымас заңы, өмір сүру ережелері бар. Адамға оны толықтай танып білу қиын болса да қызығушылығы еш тоқтаға емес. Бүгін тұсауы кесілген еңбек те фотографтың жеке қызығушылығы. 2012 жылдан бері құстарды суретке түсірмен әуестеніпті. Сол уақыттан бері жиналған кадрлер көпшілікке ұсынылуда.

Кәрімжан Жәкенов, фотограф, «Птицы Павлодарского прииртышья» фотоальбомының авторы

Альбомда құстардың 220 ға жуық түрінің суреті бар. Жергілікті, миграциялық, жыл құстарының түрлері де бар. КЕйбір құстар Ресей жерінде ұя салып, оңтүстікті қыстап келеді де біздің өңірді мекендейді. Жергілікті құстарды көбінесе күздің соңында, қысқа қарай түсіремін. Қазақстанның қызыл кітабына кірген құстардың 19 түрі де альбомға енді. Кейбір құстар халықаралық қызыл кітапқа енген.

Автордың айтуынша, көп құстарды қалада түсірген. Кәдімгі қаланың пакртерінде 70 ке жуық құсты суретке түсірілген. Сосын қаланың маңын, әрмен қарай алыс аймақтарда мекендейті құстардың да өмірінен үзіктерді суретке, видеоға түсіре бастаған.

Еңбек жеке демушілік қаражат арқылы жарыққа шықты. Бірқатар орнитолог ғалымдар кеңес беріпті. Тұсаукесерге келген фотографтар мен ғалымдар бұл жұмыстың құндылығы мен ғлым маңызына айрықша тоқталды.

Жанасыл Серікбол