Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі маусымы аяқталды. Орман өрттерінің саны былтырмен салыстырғанда екі есе артқанымен, олардың жалпы аумағы шамамен 50 есе қысқарды. Мамандар бұл тиімді өртке қарсы іс-шаралар мен оқыс жағдайларға жедел әрекет ету нәтижесі деп бағалайды.
Орман қоры 478 700 гектарды құрайды. Біздің өңір республикада жетінші орында, ал ормандық үлесі бойынша — сегізінші орында тұр. Өрт қауіпті маусымы ресми түрде 7 сәуірде басталды.
Шамиль Елюбаев, Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы рмм орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы
Жалпы өткен орман өрті қаупі бойынша 100 орман өрті ішінен 80 оман өрті.. ертіс орманында болған. Баянауы табиғи аумағында болған. Авиация бөлімімен анықталған. Анықтайды орман өрттерін.
Өрттен келтірілген шығын көлемі 5,88 млн теңгені құрады. Мамандардың айтуынша, қызыл жалынның шығу себебі – найзағай ұшқыны мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан дейді мамандар. Айта кетейік биыл тілсіз жауды ерте анықтауға арналған 32 құрылғы орнатылды, бұл құтқарушылардың жұмысын тиімді жүргізуге мүмкіндік берді.
Шамиль Елюбаев, Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы рмм орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы
«Ертіс орманы» резерваты аумағында 32 камера орнатылған. Камера орнату аяқталады деп үміттенеміз.
Өрт қауіпті кезеңде авиациялық бөлімшенің үш тікұшағы да өрт сөндіру жұмыстарына қатысып, тілсіз жауды тез анықтап, сөндіруге көмектесті.
Былтырмен салыстырғанда орман өрті екі еседен астам артты, алайда олардың жалпы аумағы шамамен 50 есеге азайды. Орман қорының негізгі бөлігі (72%) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан – бұл «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты және Баянауыл ұлттық паркі. Қалған 27%-ы облыс әкімдігінің қарамағында.
Әйгерім Тоқпанқызы