Павлодар облысында екі жыл қатарынан мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Оладың бәрі Май ауданының тұрғындары. Күдіктілер алысқа бармай-ақ өздері тұратын ауылдың адамдарын қан қақсатқан.

Сауып отырған сиыры мен бірді екілі жылқысынан айрылғандардың арасында мүгедек адамдар, тіпті, жасы 85-гі кейуана бар. Ұрыларды ұстау үшін облыстық полиция департаменті арнайы операция жоспарлап, жеделі әрекет жасауға арналған арнайы жасақ апарды. Тоғыз адам ұсталды.

Қанат Қайыргелдінов, Павлодар облысы полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының бөлім бастығы

-Олардың үшеуі қамауға алынды. Алдын-ала дерекке сәйкес, күдіктілер 2024-2025 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласып Май ауданында еркін жайылымда жүрген 29 бас ірі қара мал және 7 бас жылқыны ұрлағаны анықталды. Кейін оларды бөліп еттерін сатып жіберген.

Жыл басынан бері Ертіс-Баян өңірінде мал ұрлығына қатысты 52 дерек тіркелді. 252 бас мал иелеріне қайтарылды. Қазір аймақта «мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Сабина Жолдаспаева