Павлодар техникалық сервис колледжі 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл уақыт ішінде оқу орны өңірге қажетті білікті мамандар даярлап, облыстағы үздік 10 колледждердің біріне айналды.

Қазіргі таңда колледжде «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Токарлық іс» сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттер білім алуда. Білім ордасы дәстүр мен инновацияны тиімді үйлестіре отырып, еңбек нарығына қажет жұмысшы кадрларды даярлауға үздіксіз үлес қосып келеді.

Әнуарбек Ахметшаихов, Павлодар техникалық сервис колледжінің басшысы

Колледжда жоғары биік деңгейде құру үшін станциялық жоспар құрды. Жылдан жылға оны қалай асыру керек. Ол аймаққа керек кадрларды дайындауды бірінші орынға қойды. Сол үшін өңірдің ірі кәсіп орындарымен келісім шартқа отырдық біз. Былтырғы жылы мақсатты түрде 30 бала алсақ биылғы жылы 91 бала алдық.Оларға кәсіпорындарда жұмыс орны дайын тұр болашақта.

Студенттер республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарында «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету» бойынша жүлделі орындарға ие болды. .

Қабдулбари Алинов, еңбек ардагері

Барлығы бар екен оқытатын. Керемет біреу ғана емес бірнеше қозғалқыштар, бірнеше станогтар, програмный станогтар барлығы бар екен. 60 жылдығымен құттықтаймыз. Өсе берсін.

Мерекелік шарада колледждің дамуына еңбек сіңірген ұстаздар мен ардагерлер облыс әкімі атынан Құрмет грамоталары және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Дильназ Қуанышбекқызы