Елдің ертеңін ойлайтын ұрпақты өсіру осы уақыттың негізгі міндеті. Әсіресе жаман әдеттен алыс, адалдық жолында жүретін жастарды тәрбиелеу үшін қоғам барын салуда.
Біз күнде жаңалықтардан, әлеуметтік желіден «сыбайлас жемқорлықпен ұсталды» деген хабар естіп жатамыз. Қоғамның дертіне айналған бұл қауіптен құтыла алмайтын болдық. Бұл ретте қоғамның санасын оятатын, елге деген махаббатын арттыратын шаралар өткізу маңызды. Солардың бірі жылда өтетін – «Адал ұрпақ» слеті.
Әлия Есімханова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы
Бүгін еліміздің жастары үшін осындай жоба барына қуаныштымын. Болашақ қолдарыңызда. Сабақ оқыңыздар. Білім керек. Оқу оқу және оқу деп айтамыз ғой. Адал болу батырлық, болашақта осында отырған оқушы болыңыздар. Болашақ сіздердің қолыңызда.
Шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Оған облыстың қала, аудандарынан үздік деген командалар қатысты. Олардың импровизациясын, өнерін әділ қазы алқалары бағалайды.
Айжан Оразбаева, М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының әдіскері
Бүгін бізде облыстық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Оған өңіріміздің әр қала, ауданынан 18 команда қатысты. Слет жылда өтеді, осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде агитациялық бригаладалар жарысады. Екінші кезеңде жыл бойы атқарылған жұмыстар презентацияларын көрсетеді. Шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүзеге асып жатыр.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрестің маңыздылығын бала болса да түсініп отыр.
Елдос Төлебек, Баянауыл ауданы М.Әуезов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы
Дайындық өте жоғары деңгейде болды. Себебі біз күні-түні тындай дайындалдық. Бірінші кезеңде жемқорлық жайлы көрініс қоямыз, екінші кезеңде презентацияда көрсетеміз. Айтады ғой егер біреуді жөндегін келсе, өзіңнен баста дейді. Іс шаралар өткізіліп жатыр, өткізілуде.
Шара барысында оқушылар мемлекеттік орган өкілдерімен диалог алаңында кездесуге де мүмкіндік алды. Үздіктер слет нәтижесі бойынша алғыс хаттармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.
Самал Қалиқызы