Павлодарда тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тексеру барысында наша мен психотроптық заттары интернет желісі арқылы сатылған. Төлем криптовалютамен қабылданған. Алдағы сюжетте.

Жедел іздестіру жұмыстары кезінде екі күдікті ұсталды. Оларды тінту барысында шамамен 90 грамм психотроптық зат, электронды таразылар, қаптамалар, байланыс құралдары және өзге де дәлелдер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Қазір интернет-дүкенді құрғандарды анықтау мен ұстау бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ аталған интернет-ресурсты бұғаттау үшін құзырлы органдарға ақпарат жолданды.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы

Есірткі құралдарын және күшті әсер ететін заттарды қамтитын дәрілік заттардың заңды айналымын бақылау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері дәрмек жедел профилактикалық шарасын 3 кезеңін өткізді. Оның барысында мемлекеттік бақылауға жататын препараттарды сақтау, есепке алу және өткізу ережелерінің сақталуын тексеру бойынша медициналық ұйымдар мен жеке дәріханалрға кешенді тексеулір жүргізілді. Жоғарыда аталған 100000 астам препаратқа шектеу қойылды. Жалпы сомасы 150 млн астам айыппұл салынды.

Ішкі істер министрлігі дәрілік заттар айналымына қатысы бар ұйымдар мен азаматтарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан жаза күшейтілмек.

Сабина Жолдаспаева