Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қоғам қайраткері, публицист және көркем әдебиетті насихаттаушы Жан Ақжановтың «Семья пожарного» атты кітабының таныстырылымы өтті. Бұл туынды өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қиын әрі жауапты қызметіне арналды.
Жан Ақжанов – «Медсестра », «Солнце улыбнется тебе», «Степь и судьба», «Путь врача » сынды шығармалардың авторы. Ол тың тақырыптарды қозғай отырып, кейіпкерлер бейнесін шынайы суреттеуімен танылған. Жазушының кезекті «Семья пожарного» кітабы жарық көрді.
Жан Ақжанов, жазушы, кітаптың авторы
Мына кітабым өрт сөндірушілер туралы. Осы кітаптың ішінде олардың жұмыстары көрсетілген. Жалпы мен өзім ойлаймын, осы кітапты оқып, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың деңгейлері көтерілсе жақсы болар еді. Екі бас кейіпкерім, екеуіде Көкшетауда оқыған. Біреуінің аты Санай, екінші кейіпкер Аят. Екеуі екі жақтан, сонда да екеуі дос. Олардың жанұясы туралы осы кітапта.
Автордың жаңа еңбегі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналды. Кітапта елордалық өрт сөндіруші, қызмет барысында үш адамды құтқарып, ауыр жарақат алып қайтыс болған Асқар Забикулиннің ерлігі баяндалады. Шараға мәдениет саласының өкілдері, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен оқушылар қатысты. Қонақтар кітаптың маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Какима Асқарова, Павлодар облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бүгінгі іс-шара өте маңызды. Жас жігіттерге, жасөспірімдерге осында отырған өте пайдалы. Бүгін мына кісі біздің осы өрт сөндірушілер мамандығының әлеуетін көтеріп жатыр. солай емес пе? Тағы айтйын дегенім, биыл ТЖД саласына 30 жыл болды. Сол ТЖД іргетасын қалаған ардагерлер де отыр. Ол кезде мына кісі айтып жатқандай, қазіргідей омбундирование болған жоқ. Бұл кісілер өрт кезінде жай ғана бушлакпен өшірген. Өрт сөндірудің мамандығы өте қиын. Әр адам кіре алмайды жанып жатқан үйге, оған батылдық, қайсарлық керек. Міне,мына суреттерден де көріп тұрсыздар оларды.
Кітапта өрт сөндірушілердің ерлікке толы қызметі ғана емес, олардың күнделікті өмірде кезігетін қауіп-қатерлері де бейнеленген. Автор еңбегі жастарға отаншылдық пен мамандыққа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сабина Жолдаспаева