Железин ауданында волейболдан Қайрат Қабдулов атындағы төртінші облыстық турнир өтті. Онда 10-нан аса команда бақтарын сынады. Спорт жарысы жайлы келесі сюжетте.

Қайрат Қабиденұлы Қабдулов еңбек жолын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. Кейін Железин аудандық спорт бөлімінде әдіскер, басшы қызметіне дейін жетті. Жақындары мен достарының сөзінше сол жылдары аудандық спорт жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Қайрат Қабдуловты еске алу үшін дәстүрлі турнир өтті.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

Қайрат Қабиденұлы өзінің ғұмырын жастар тәрбиесіне арнап, спорт саласын дамытуға үлкен үлес қосты. Соның ішінде волейболды дамытуға күш салды. Волейболдан турнир ұйымдастырлып жатыр. Бұл аудандағы волейбол спортының дамуына үлкен септігін тигізеді деп білеміз.

Осымен төртінші рет өтіп отырған турнирге 12 команда қатысты. Алдымен олар топтық кезеңде бақтарын сынады. Жеңгендер бір-бірімен жарысты. Турнирде Қайрат Қабиденұлының достары да сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Евгений Кисляков, Қайрат Қабдуловтың досы

Түсінесіздер ме бұл кісі, идеясы таусылмайтын адам еді. Түнде хабарласуы мүмкін еді, келе қойыңызшы идея бар деп. Өзі басқарған жылдары аудан облыстық спартакиадада 11-ші орыннан 2-ші орынға дейін көтерілді. Аудан тек спорт бағыты бойынша ғана емес, басқа бағытта да жақсы нәтижелерге жетті. Кейде бірге отырып, осылай істейік, осылай істейік деген идеялар таусылмайтын. Оның энергиясына таң қалатынмын.

Жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат - Қайрат Қабиденұлының есімін ұлықтау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өңірде волейболды дамыту, деді ұлы Дәурен Қайратұлы. Ол да әкесінің жолын қуып, қазір спортшыларды тәрбиелеп жүр.

Дәурен Қабдулов, Қайрат Қабдуловтың ұлы

Бұл төртінші турнир. Ұйымдастырушылар туыстары, әкеміздің таныстары. Бірінші жарысты аудандық деңгейде өткіздік, жақын жердегі ауылдар ғана қатысты. Ал, екінші турнирде облыстың аудандары бақ сынады. 3-4 турнирлерде облыстың аудандары қатысып жүр. Осы жолы 12 команда бақ сынап жатыр. Тек ер адамдар ғана қатысады. Жас шектеуі жоқ.

Турнир нәтижесі бойынша мықтылар марапатталды. Чемпиондарға кубоктар табысталды.

Самал Қалиқызы