Иван Васильевич Панфилов атындағы әскери Даңқ мұражайына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған орай №14 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ұстаздар және оқушылар қатысты.
Батырлық Даңқ музейі 2015 жылдың тамыз айында, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ашылған еді. Алғашқы жәдігерлері – павлодарлық іздеушілердің Псков жерінде түсірген суреттері мен Ұлы Отан соғысы жылдарынан сақталған 50-ден астам экспонат. Қазір музей қорында жүздеген құнды бұйым жинақталған. Олардың әрқайсысы – өткен күннің тарихы. .
Бақытжан Утепов, №14 ЖОББМ бастапқы әскери-технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-педагогі
Музей қоры жыл сайые жаңа жәдігердермен толығып отырады.2021 жылы «Жады вахтасы» барысында Калуга облысының Цветкого ауылына жақын маңда іздеу жасағы тапқан соғыс кезеңінің экспонаттарв мұражайға әкелінді.
Оқушылар арасында патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен музейде экскурсия ұйымдастырылады. Балалар үшін арнайы интерактивті сабақтар, батырлар өміріне арналған шығармашылық жобалар өткізіледі.
Сейсембай Жетпісбаев, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
Бүгінгі жиеалып отырған себебі 10 жыл толып отыр музейге. Мұражай өз қызметін атқарып келе жатыр. Әсіре жастарды тәрбиелеу үшін.
2018 жылы Павлодар қаласында «Іздеу–2018» атты іздеу жасақтарының алғашқы халықаралық форумы өтті. Сол шара аясында Батырлық Даңқ музейіне аты аңызға айналған дивизия командирі, Кеңес Одағының Батыры И.В. Панфиловтың есімі берілді. Бұл музейдің өңірдегі әскери-патриоттық орталықтардың біріне айналуына үлкен серпін болды.
Жан Қаратаев, Павлодар облысы қарулы күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы
316 мот атқыш девизиясы жауға қарсы шыққан сол шайқастан кейін сол швйқаста біздің азаматтарымыз қандай ерлік көрсетті. Соны бүгін еске алып мектеп оқушыдарына насихаттап отырмыз.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қалай болса да бейбітшілік болсын.
Шара соңында оқушылар әдеби-музыкалық композиция орындап, ардагерлерге құрмет көрсетті. Музей ұжымы келешекте экспозицияны кеңейтіп, жаңа зерттеу жобаларын қолға алуды жоспарлап отыр. Батырлар ерлігі ұмытылмайды.
Дильназ Қуанышбекқызы