Қазір жолдарды ауа райына қарамастан жөндеуге мүмкіндік бар. Бұл жаңа технологиялар мен арнайы қоспалардың арқасында жүзеге асырылуда. Облыс орталығында бірнеше көшеде тас жолды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл екінші Павлодар ықшам ауданындағы Российская, Минин және Чкалов көшелерінің қиылысы. Асфальттың үстіңгі қабаты сырылып, тесіктері жамалып, жол жаңартылуда. Мұндай жұмыстар қала бойынша бірнеше көшеде жүргізілуде.

Жұмысты екі бригада жүргізіп жатыр. Негізгі жөндеу көлік көп жүретін магистральдық көшелер мен трамвай жолдары маңындағы учаскелерде өтеді. Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары осы аптаның соңында аяқталады деп жоспарланған.

Әйгерім Тоқпанқызы